03.11.2015, 04:29

Ауыр атлетикадан ӘЧ баратын спортшылар құрамы өзгерді

Хьюстондағы ауыр атлетика бойынша әлем чемпионатына қатысуға дайындалып жатқан Қазақстан құрамасы құрамында өзгерістер орын алды.

Жарақатына байланысты алдағы әлемдік сынға Анна Нұрмұхамбетова қатыса алмайды. Оның орнына Майя Манеза күшін сынайды.

Ерлер құрамы да өзгерді. Қазақстан рекордсмені Селімхан Әбубәкаров ел намысын Грозныйдағы РФ Президенті Кубогы жарысында қорғайды.  Оның орнына Хьюстонға Айдар Қазов немесе Ермек Өміртай барады.

Ерлер:

Арли Чонтей (56 кг)

Фархад Харки (62 кг)

Нижат Рахимов (77 кг)

Денис Уланов (85 кг)

Жасұлан Қыдырбаев (94 кг)

Алмас Өтешов (94 кг)

Александр Зайчиков (105 кг)

Әйелдер:

Маргарита Елисеева (53 кг)

Карина Горичева (63 кг)

Жазира Жаппарқұл (69 кг)

Майя Манеза (69 кг)

Светлана Подобедова (75 кг)

Надежда Ногай (75+ кг)

Александра Аборнева (75+ кг).