$ 447.4  477.55  4.76

Головкин жаңа бапкерін таңдап, есімін «өзгертіп» жіберді

Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкиннің жаңа бапкері анықталды деп мәлімдейді BoxingScene порталының инсайдері Кит Айдек. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлайды.

Журналисттің сөзінше, Головкин өзінің жаңа бапкерін ресми түрде 4 мамыр күні таңертең таныстырады деп жазды. 

Баспаның хабарлауынша, дәл осы күні GGG-дің бұрынғы қарсыластарының жекпе-жегі өтеді.

Сенбі күні Лас-Вегасте Сауль Альварес пен Дэниел Джейкобс рингте кездесетін болады.

Сонымен қатар, Айдек Головкиннің өз есімін жазу форматын да өзгерткенін ескере кетті. Бүгіннен бастап Головкин өз есімін «Gennady» емес, «Gennadiy» деп жазатын болады.

Головкиннің айтуынша, оның туу туралы куәлігінде есімі „Gennadiy«деп жазулы тұр», – деп хабарлайды спорт шолушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Головкин