$ 444.32  473.33  4.76

Головкин «Канеломен» үшінші айқас туралы жаңа мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин No Puedes Jugar Boxeo Youtube-каналына берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен үшінші айқас туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- Олар үшінші айқасты өткізу үшін белбеу керек деп жатыр. Бұл туралы не ойлайсың? - Біріншіден, мен барлық жанкүйерлер секілді үшінші айқас өткізіп, осы уақытта, біздің заманымызда бокс мансабының биік шыңына шыққым келеді... Маған айқас өткізу үшін белбеу керек деп жатқан болса - бұл жөнсіздік дер едім... Дегенмен, байқап көреміз, осы бойынша жұмыс істейміз. 

Еске салайық, Головкин  мен «Канело» бірінші айқасы даулы тең нәтижемен аяқталса, екінші жекпе-жекте төрешілердің басым дауысымен «Канело» жеңіске жеткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары