Спорт 14.05.2019 сағат 16:27  79

Шымкент қаласында әйелдер боксынан еліміздің жазғы спартакиадасы бастау алды

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында әйелдер боксынан Қазақстанның V жазғы спартакиадасы басталды. Нәзік жандылардың өзара бәсекесі 19 мамырға дейін жалғасатын болады.
Шымкент қаласында әйелдер боксынан еліміздің жазғы спартакиадасы бастау алды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ел ішілік турнирге жалпы 79 спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Спартакиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтар болсақ, 15 аймқтан боксшылар жиналған. Бір әттегенайы, Батыс Қазақстан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының командалары осынау айтулы турнирден сырт қалған. Ал, ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшылары турнирге түгел қатысады деп күтіліп отыр.

Жарыстың көпшілік білуі тиіс тағы бір ерекшелігі - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Марина Вольнованың шаршы алаңға қайта оралуы. Тәжірибелі спортшы 69 келіде бақ сынайды екен. Әйелдер боксынан Қазақстан Спартакиадасы бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталғанын айта кетейік. Сайыс Шымкенттегі Көркем гимнастика кешенінде өтіп жатыр. Жарыстың ашылу салтанаты ертең өтеді.

«SN.kz» - ақпарат»

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар