$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте балалар алаңшасын салу мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асады

Алдағы екі-үш жылдың көлемінде Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің аулаларында балалар мен спорт алаңшалары толық салынып бітуі тиіс. Бүгін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аудан әкімдеріне осындай тапсырма берді. Аудан әкімдері бұл жұмысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асырмақшы.

Атап өтейік, Еңбекші ауданы бойынша бұл бағыттағы шаруа басталып кетті. Ауданда 2019-2024 жылдар аралағын қамтитын арнайы бағдарлама жасалып, 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Енді тек мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру қалып тұр. Тендердің жеңімпазы атанғандар 5 жыл бойы аудандағы балалар және спорт алаңдарын күтіп ұстаумен қоса жаңа алаңшалар орнататын болады. Ол жөнінде қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова “Қолда бар 25 алаңшаны күтіп ұстайды және 35 алаңша салады” - дейді.

Қала әкімі «Өзге үш ауданның әкімдері де осындай бағдарлама әзірлеуі тиіс» деген тапсырма берді. Себебі Шымкент қаласындағы көпқабатты үй аулаларында тозығы жеткен алаңшалар көп. Бір ғана Әл-Фараби ауданы бойынша 161 алаңша жөндеулі қажет.

Қала мәслихатының депутаттары бағдарламаны әзірлеу барысында ережеге өзгерту енгізуді ұсынды. Айтуларынша, кәсіпкерді мемлекеттік-жекешелік әріптестікке көбірек тарту үшін әр лотқа бөлінетін қаражаттың көлемін азайту қажет. Бағдарлама әзірлейтін аудан әкімдіктері ұсынысты ескеруге келісті.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары