$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент: әйелдер боксынан жазғы спартакиада ресми түрде ашылды

Шымкент қаласында әйелдер боксынан Қазақстан Республикасының 5-ші жазғы Спартакиадасы басталды. Даңқты гимнастика шебері Әлия Юсупова басқаратын гимнастикадан олимпиада мектебінің спорт кешенінде өтіп жатқан былғары қолғап шеберлері додасының ашылу салтанатына Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев қатысты.

Бокстан Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионаттарының күмісі мен қола медалін иеленген Марина Вольнованың араға біраз үзіліс салып, үлкен боксқа қайта оралуына орай оған тілектестігін білдірді. Даңқты боксшы Шымкентте басталатын Қазақстан Спартакиадасында бақ сынап көрмек.

Спартакиададағы алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен аяқтағандар қатарында ұлттық құрама мүшелері Ангелина Лукас (51 келі) пен Аида Оңдаш (81 келі) және Анель Құдайберген (48 келі), Жансая Әбдірайымова (51 келі) сынды жас спортшылар бар.

Бас жүлдеге үміт артқан Шымкент қаласы командасының сапында Жайна Шекербекова (51 келі), Айда Тұяқбай (54 келі), Мәдина Нұршаева (64 келі), Фариза Жолтай (81 келі) рингке шығады. Әлем чемпионы Назым Қызайбай бабында екендігін айтады. Финал 18 мамыр күні өтеді.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары