27.05.2019, 22:32

Шымкентте «Temiradam» кубогінің ІІІ кезеңі өтті

«SHYMKENT ASTC TRIATHLON» Азия кубогының аясында әуесқойлар арасында «TEMIRADAM» кубогінің ІІІ кезеңі өтті. Оған Ресей мен Өзбекстан мемлекеттерінен, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қарағанды, Алматы қалаларынан 73 атлет пен 1 команда қатысуға ниет білдірген.

Аталған сында алғашқы болып мәреге жеткен өзбектандық спортшы Андрей Шарипов жеңімпаз атанды.

«Жарыс ұйымдастырушыларының спортшыларға деген қарым-қатынасы өте жоғары. Шымкент қаласының халқына да өте риза болдым. Барлығы өте қонақжай. Жарыс жолағы да өте қатты ұнады.  Әрине, жарыс болған соң, өзіндік қиындықтары да жоқ емес» дейді «TEMIRADAM» кубогі ІІІ кезеңінің жеңімпазы атанған Андрей Шарипов өз әсерімен бөлісіп.

Айта кетер жайт, «TEMIRADAM» кубогі он үш кезеңнен тұрады. Шымкент шаһарында өткен бұл жарыс үшінші кезеңі екен. Ал сайыстың қорытынды кезеңі Ақтау қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

«SN.kz»-ақпарат.

Тегтер: Шымкент спорт