Ел чемпионаты «ВАР» тәсілімен өткізілді. Яғни көмекке видео көрсетілімі ұсынылады. Ондай жарыстар әділ өтетіні белгілі. Апта бойына жалғасқан жарыс барысында жасөспірімдер арасындағы ел құрамасына мүше спортшылар анықталды. Эстафеталық жарыста алматылықтарға тең келер спортшы болмады.
Жалпыкомандалық есепте еліміздің бас үш қаласы жүлделерді өзара бөлісті: 1. Алматы қаласы. 2. Нұр-Сұлтан қаласы. 3. Шымкент қаласы. Құрама сапында жекелей сында бас жүлде алған шымкенттік Максим Сказобцов, Әділ Тілемісов, Дмитрий Ефремов, Нұрдәулет Абжаппаров құрамаға мүше болып алынды. Енді жеңімпаздар ел құрамасы сапында әлемдік сайыстарға қатысып, республика намысын қорғайтын болады.
«SN.kz»-ақпарат.