UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Хабиб Нурмагамедов пен Конор Макгрегор арасындағы екінші жекпе-жек туралы ойын білдірді.
«Хабиб пен Конор октоганға шығады. Бұл жекпе-жек іске асу үшін таяудағы күрестерді қарап, ирландиялық спортшының не қалайтынын білуіміз қажет», - деді Уайт.
Айта кетейік, былтыр Нурмагамедов Макгрегорды мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Сонымен қатар, дагестандық жауынгер 7 қыркүйекте Абу-Дабидегі UFC 242 турнирінде Канадалық Дастин Порьеге қарсы өнер көрсететіне белгілі болды. ⠀