9 маусымда Нью-Йорктің «Madison Square Garden» аренасында өтетін Генадий Головкин – Стив Роллс бокс кешінің андеркартында шығатын боксшылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.
Басты жекпе-жекке дейін көрермен назарына 6 айқас ұсынылмақ, оның ішінде екі қазақстандық боксшы өнер көрсетеді.
Жекпе-жектер тізімі:
Джонатан Арройо (3-0-1, 1 КО) — Джордан Моралес (3-7, 2 КО) — жартылай орта салмақ, 4 раунд
Никита Абабий (4-0, 4 КО) — Хуан Франсиско Лопес Барахас (5-0, 3 КО) — орта салмақ, 6 раунд
Брайан Себальо (8-0, 4 КО) — Бахтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) — жартылай орта салмақ, 8 раунд
Чарльз Конуэлл (9-0, 7 КО) — Кортни Пеннингтон (12-3-3, 5 КО) — бірінші орта салмақ, 10 раунд, бос тұрған USBA титулы
Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) — Маркус МакДэниэл (15-0, 2 КО) — суперорта салмақ, 10 раунд, бос тұрған WBC International титулы
Исраил Мадримов (2-0, 2 КО) — Норберто Гонсалес (23-12, 13 КО) — бірінші орта салмақ, 10 раунд
Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) — Стив Роллс (19-0, 10 КО) — аралық салмақ (164 фунт), 12 раунд.