ПСЖ шабуылшысы Неймар маусым аралығында топтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Sports.ru.
L’Equipe француз спорттық газетінің мәлімдеуінше, париждік клубтың басшысы Неймарға қатысты ауқымды ұсыныс түсіп, қомақты қаржы ұсынса, қабылдайтынын жариялады.
Неймар ПСЖ-дағы келеңсіз оқиғалар шаршатқанын және кеткісі келетінін айтты.
Қазіргі уақытта Неймар мен Пини Захави агентінің арасында келіссөздер жүргізіліп, шабуылшының болашағы талқыға салынуда.
ПСЖ басшысы өз сөзінде: «Жұлдыз ауруына ұшырағандардың қылығына төзе алар емеспін. Ұнамай ма, жолы болсын, есік ашық» - деп кесіп айтты.