25.06.2019, 12:23

Қазақ атлеттеріне тиесілі алтын жүлде өзбек қыздарына табысталды

Фото: Орталық Азияның жаңалықтар қызметі
Қазақстан құрамасының мүшесі допингпен ұсталған соң, қауымдастық оның құрлық біріншілігінде көрсеткен нәтижесін жойды.

2017 жылғы Азия чемпионатында қазақ гимнаст қыздары жеңіп алған алтын жүлделер өзбек атлеттеріне тапсырылды, деп жазды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Өзбекстан ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Таиландтың Паттайя қаласында көркем гимнастика бойынша құрлық біріншілігі басталды. Турнир қарсаңында Азия гимнастика қауымдастығының жиналысында өзбек қыздарына алтын жүлделер тапсырылды.

Қазақстан құрамасының мүшесі допингпен ұсталған соң, қауымдастық оның құрлық біріншілігінде көрсеткен нәтижесін жойды.

Өзбек гимнаст қыздары 2007 жылы Азия біріншілігінде күміс алған. Сол себепті алтын жүлделерді Өзбекстанға тапсыру туралы шешім қабылданған.