$ 447.4  477.55  4.76

«Иә, оңбаған»: америкалық басылым Головкин жайлы жағымсыз мақала жариялады

SecondsOut.com cайты Геннадий Головкинді «оңбаған» деп атап, материал жариялады.
Фото: 365info.kz
Фото: 365info.kz

SecondsOut.com cайты Геннадий Головкинді  «оңбаған» деп атап, материал жариялады, Sports.kz.

«GGG - кәрі оңбаған. Иә, оңбаған. Головкиннің Абель Санчестен бас тартқаны жиіркеншті болды. Баланың жымиюы мен «Big Drama Show» мантрасы ойдан құрастырылған. 

Головкин Альвареспен алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткенімен екіншісінде жеңілді. 

Екінші шайқастан кейін оның бетіне қараңызшы - оның быт-шытын шығарды. Тіпті Головкин күннен қорғайтын көзілдірікті дұрыс кие алмады», - деп жазылған мақалада.

Сондай-ақ екі боксшының да DAZN-мен миллиондаған келісімшартқа қол қойғаны жазылған.

Сарапшылар Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Головкин