16.07.2019, 12:17

Дзюдошы Елдос Сметов әлемдік рейтингте үздік бестікке көтерілді

Фото: SportX.kz
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартылған рейтингті жария етті.

Будапештегі әлемдік Гран-при турнирінен кейін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Будапеште 60 кг салмақта топ жарған Елдос Сметов 6-дан бесінші орынға көтеріліп, үздік бестіктің қатарына енді. 

Будапешт турнирінің күміс жүлдегері Елдос Жұмақанов (66 кг) әлемдік рейтингте 12-ден 11-орынға жоғарылады. 

IJF ережесіне сәйкес әлемдік Гран-приде жеңімпаз атанғандар 700, екінші орын иегері 490, қола алғандар 350 ұпайға ие болады. 

Үздік елулікке ілінген қазақстандық дзюдошылардың көрсеткіштері мынадай: 

60 кг  Елдос Сметов – 5 орын (4821)  Ғұсман Қырғызбаев – 11 (3156) 

66 кг  Ерлан Серікжанов – 8 (4089)  Елдос Жұмақанов – 11 (3504) 

73 кг  Жансай Смағұлов – 19 (2448) 

81 кг  Дидар Хамза – 17 (2602)  Руслан Мұсаев – 49 (1036) 

90 кг  Ислам Бозбаев – 11 (3428) 

+100 кг  Ерасыл Қажыбаев – 36 (1352) 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметовтің Будапеште алтын алғанын хабарлаған болатынбыз.