Спорт 22.07.2019 сағат 06:16

Қызылордада асық спорты дамып келеді

Сыр өңірінде асық атудан түрлі деңгейдегі турнирлер 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
Қызылордада асық спорты дамып келеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қызылордада асық спорты дамып келеді. Жергілікті жастар ұлттық спорт түрінен жоғары табыстарға қол жеткізіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыр өңірінде асық атудан түрлі деңгейдегі турнирлер 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Ол ұлттық құндылықтарды жаңғырту бағытында қолға алынған. Дәстүрлі шараны Қызылорда облыстық «Асық ату» қоғамдық бірлестігі тұрақты түрде өткізуде. 

«Қостанай қаласында өткен халықаралық турнирде біздің жастар жоғары орындардан көрінді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған. Біздің бірлестік осы мақсатта ұлттық спорт түрі асық ойынының қалалық, облыстық және республикалық турнирлерін өткізіп келеді.Жастарымыз сол жарыстарда шыңдалды. Қостанайдағы жарыста жоғары жетістікке жетуіміздің бір нәтижесі осында жатыр», - деді Қызылорда облыстық «Асық ату» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Базартай. 

Халықаралық турнирге Қызылорда облысынан асық ату спортынан жергілікті бапкер Р. Наукеев бастаған үш спортшы қатысты. Сыр спортшылары турнирде жалпы командалық есепте үздік үштіктен көрінді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар