$ 443.85  474.3  4.8

Қарағандылық балуан Минскідегі халықаралық турнирде қола медаль ұтып алды

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, Ерұлан Ысқақов 97 кг салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Қарағандылық патриот балуан Ерұлан Ысқақов беделді халықаралық турнирде қола медаль иеленді. Осылайша, спортшы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға өзінің мүмкіндіктерін арттырды.

Олимпиада чемпионы Олег Караваевті еске алуға арналған грек-рим күресінен жарыс Минск қаласында 26-28 шілде аралығында өтті. Халықаралық турнирге 19 елден 200 спортшы келіп қатысты. Сайыста 10 наградалар жиынтығы ойнатылды, сондай-ақ әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу үшін қажетті рейтингтік ұпайлар берілді. 
Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, Ерұлан Ысқақов 97 кг салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Балуан Қарағанды облысынан Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға үміткер болып табылады. Өткен жылы Ерұлан Ысқақов Қазақстан чемпионы және Индонезиядағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қарағанды