Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин арасында ұйымның вакантты белдігі үшін жекпе-жек өткізуді мақұлдады. Бұл туралы ESPN журналисі Дэн Рафаэль мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.
Енді қос боксшының командалары жекпе-жектің өтетін күні мен орнын анықтауы керек. Тараптардың ортақ шешім қабылдауы үшін 30 күн уақыт берілген.
Ал кейбір ақпарат құралдары бұл бокс кеші 5 қазан күні Madison Square Garden-де өтеді деп жазуда.
Естеріңізге сала кетейік, IBF ұйымы 1 тамыз күні Сауль Альваресті Деревянченкомен сәтсіз келіссөздерінен кейін чемпиондық атағынан айырған болатын. Головкин IBF титулына 2015 жылдан 2018 жылға дейін иелік еткен. Кейін отандасымыз да дәл осы Деревянченкомен жұдырықтасудан бас тартқаннан кейін белдігінен айырылған еді.