$ 446.49  475.38  4.79

Барлық талапқа келісті: Головкин Деревянченкомен жекпе-жек өткізуге дайын

Кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді.

Қазақстандық Геннадий Головкин IBF титулы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жектің барлық талабына келісті. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады, деп жазады tengrinews.kz, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді. Ал АҚШ-та оны DAZN стриминг сервисі трансляциялайды. Мәміле аяқталуға жақын қалды.

"Дереккөз: GGG 5 қазанда MSG аренасында Деревянченкомен жекпе-жек өткізу үшін барлық талапқа келісті. Деревянченконың кеңесшілері Кит Коннолли және Эл Хэймон келісімшартқа әлі қол қоймады. Бірақ ол жүзеге асса, Головкинге IBF титулын қайтаруға мүмкіндік туады", - деп жазды Коппинджер.

Бұған дейін Головкин мен Деревянченко жекпе-жегінің уақыты осы аптада мәлім болатыны хабарланған. Сондай-ақ, украиналық спортшының гонорары да айтылды, бұл тек ол үшін емес, оның еліндегі боксшылары алмаған рекорд қаражат болайын деп тұр.

Еске салайық, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) бос қалған белбеу үшін Деревянченко мен Головкин арасында жекпе-жек тағайындады. Тараптарға келіссөз жүргізуге 30 күн берілді, ал олар сәтсіз болған жағдайда промоутерлік сауда-саттық тағайындай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары