$ 444.22  476.38  4.82

«Қарсыласымды масқаралағым келді»: канадалық боксшы қазақстандықтардан кешірім сұрады

МакЛеллан - Әлімханұлы жекпе-жегі 17 тамызда Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасында өтеді.

Канадалық боксшы Стюарт МакЛеллан алдағы қарсыласы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек алдындағы әзілі үшін қазақстандық фанаттардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.  

Бұған дейін МакЛеллан Facebook желісіндегі парақшасында Әлімханұлы Борат бейнесінде көрсетілген фотоколлаж жариялаған еді. Алайда канадалық боксшы қатесін түсініп, кешірім сұрады.  

«Барша қазақстандық жанкүйерден кешірім сұраймын. Бораттың суреті олар үшін тіл тигізу болып саналатынын білген жоқпын. Алдарыңызда шын жүректен кешірім сұраймын. Бүкіл елді емес, қарсыласымды масқаралағым келді», - деді ол.

МакЛеллан - Әлімханұлы жекпе-жегі 17 тамызда Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасында өтеді. Кездесу он раундқа жоспарланған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары