25.08.2019, 15:40

Ұлттық ұлан жауынгерлері футбол алаңына шығып, төрешіні қорғады

Судьяның шешімімен келіспеген футболшылар мен жаттықтырушылар Сариевті қоршап алды. Ұлттық ұлан жауынгерлеріне оны қорғауға тура келді.

Қазақстандық премьер-лиганың 24-ші турына тиесілі матч «Ордабасы» мен «Шахтердің» арасында өтті, деп хабарлайды Stan.kz, Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Ойын 24 тамызда өтті. Есеп 2:2 болғандықтан, бас төреші Болат Сариев матчтың 96-шы минутында «Шахтер» қақпасына пенальти орындатты. Судьяның шешімімен келіспеген футболшылар мен жаттықтырушылар Сариевті қоршап алды. Ұлттық ұлан жауынгерлеріне оны қорғауға тура келді.

«Ордабасының» хавбегі Абдулаи Диакате пенальтиді матчтың 100-ші минутында орындады. Есеп 3:2 болып ауысып, командаға жеңіс әкелді.