26.08.2019, 14:45

«Мен сенен қорқамын»: Деревянченко Головкинге қатысты пікір білдірді

Головкин - Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкин бірінші баспасөз конференциясында қорқатынын айтқан кезде, алдағанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

"Мен дайынмын. Мен ертең Калифорнияға аттанып, жаттығу лагерін бастаймын. Головкин қорқып қалды ма? Меніңше, ол алдап отыр. Негізінде ол менен қорықпайды. Ол осы ойынды жақсы біледі: "Мен сенен қорқамын" және сол сияқты. Менің ойымша ол менен қорықпайды. Бұл ойын секілді; "Ой, мен сенен қорқамын". Менің ойымша ол менен қорықпайды, мен одан қорықпаймын. 5 қазанда шаршы алаңға шығуға дайынмын және өзімнің кім екенімді көрсетемін. Джейкобсқа қарсы өткен кездесуде жақсы тәжірибе алдым. Енді мен тәжірибелімін", - деді Деревянченко.  

Головкин - Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Олар орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Боксшылардың қанша гонорар алатыны және андеркартта кімдер өнер көрсететіні белгілі болды.