$ 494.87  520.65  4.91

Илья Ильин 5 жылдан кейін спорттан кететінін айтты

Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин спорт нақты қай уақытта қош айтысатынын мәлімдеді деп жазады Vesti.kz.

Кеше әйгілі ауыратлет өз саласы бойынша докторлық диссертация қорғаған болатын. Айтулы шарадан кейін ол журналистермен кездесіп, баспасөз мәжілісін өткізді. Брифинг барысында Ильин спортпен 32 жасқа толған шағында қоштасатынын айтты.

"Мен күніне үш мезгіл жаттығу жасадым, сапарлар болды. Осыладың арасында ғылыми жетекшіммен кездесіп, диссертациялық жұмысымды жаздым, қорғауға дайындалдым. Бұл менің бапкерлік жолымның басы ғана. Бірақ, 32 жасқа келгенімде үлкен спортты да, бапкерлікті де қойып, өз командамның менеджерлігімен айналысуды жоспарлап отырмын" дейді Олимпиада чемпионы.

Илья Ильин сондай-ақ, Грозный қаласында өткен РФ президентінің кубогі жолындағы жарыстың қалай өткендігін де айтып берді.

"Әнұранды шатастырып алғанына соншама шүйлікпеңіздер. Шындығында, бізді Шешенстанда өте жоғары деңгейде күтіп алды, бізге бауыр ретінде, дос ретінде қарады. Жалпы, шешендерге ешқандай реніш жоқ. Үнемі жанымызда жүрді, аяғымызды жерге тигізген жоқ. Егер Рио Олимпиадасының да дайындығы дәл осындай болса үшінші алтын медаль алатыныма күмәнім жоқ. Бірақ, басты мәселе ұйымдастыруда емес, менің Олимпиаданы тағы бір рет ұтатынымды барлығы болжап жатыр, серпе көтеруде 250 келіні бағындырып, жаңа рекорд орнатады дейді. Әрине, мен де оған сенемін, бірақ болжам айтуға әлі ертерек" деп сөзін түйді Ильин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары