Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мельбурнда басталған үлкен дулыға санатындағы «Australian Open» турнирінің үшінші айналымына шықты. Бүгін екінші айналымда ол 25 жастағы қытайлық Синьюнь Ханьмен кездесіп, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Енді Юлия үшінші айналымда 21 жастағы ресейлік Маргарита Гаспарянмен жолығады. Әлемнің 58-ші ракеткасы екінші айналымда жапон қызы Куруми Нараны екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңген болатын. Егер Путинцева Маргаритадан айласын асырса, онда төртінші айналымда Серена Уильямс пен ресейлік Дарья Касаткина жұбының жеңімпазымен жолығады.
Айта кетейік, Аустралия ашық біріншілігінде Путинцевадан бөлек Қазақстан намысын Ярослава Шведова қорғап жатыр. Бірінші айналымда ол болгарлық Цветана Пиронкованы ұтқан болатын. Ал, еліміздің бірінші ракеткасы Зарина Дияс болса алғашқы кездесуінде америкалық Мэдисон Кизға жеңіліп қалды. Сондай-ақ, ерлер арасында өгнер көрсеткен Михаил Кукушкиннің де жолы болған жоқ.