21.07.2014, 06:30

Алексей Ни Азия ойындарына баратын ауыр атлеттердің тізімін жариялады

Сурет: vesti.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни Азия ойындарына қатысатын ауыр атлеттердің есімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жасақтаудың қорытындысы бойынша Кореяның Инчеон қаласында өтетін сары құрлықтың басты додасында Қазақстан намысын әйелдерден - Маргарита Елисеева (48 келі), Зульфия Чиншанло (53 келі), Сәуле Сәдуақасова (58 келі), Карина Горичева (63 келі), Жазира Жаппарқұл (69 келі), Анна Нұрмұхамбетова (75 келіге дейін) және Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары) қорғаса, Галина Момотова (48 келі) қосалқы құрамға ілініпті.

Ал ерлерден Азия ойындарына Арли Чонтей (56 келі), Азамат Рымқұлов (62 келі), Александр Ким (69 келі), Кирилл Павлов (77 келі), Рүстем Сыбай, Ермек Өміртай (екеуі де 85 келі), Алмас Өтешов (94 келі), Серген Истомин (105 келіге дейін) және Ибрагим Берсанов (105 келіден жоғары) қатысады. Айта кетейік, ерлер арасындағы бұл тізімнен бапкер бір зілтеміршіні қосалқы құрамға жіберетін болады.

Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Кореяның Инчеон қаласында өтеді.