Халықаралық бокс федерациясы (IBF) кәсіпқой бокстан орта салмақтғы қазақстандық боксшы, WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге жаңа қарсылас тауып берді деп хабарлайды vRINGe.com.
Айта кету керек, жерлесіміздің келесі жекпе-жегі 23 сәуірге белгіленген болатын. Алайда, оның қарсыласының кім екені әлі ресми хабарланған жоқ. IBF белбеуіне негізгі үміткер Туреано Джонсонмен келіссөздер соңына жақындаған тұста америкалық боксшы жарақат алып, GGG-мен кездесуден бас тартқан.
ESPN Boxing порталының дерегінше, IBF Головкинге жаңа қарсылас тауып қойды. Ол 25 жастағы америкалық боксшы Доминик Уэйд (18-0, 12 КО). Қазір K2 Promotions промоутерлік компаниясы аталған боксшымен келіссөздер жүргізуді бастап кетті.