Бүгін Сербия астанасы Белградта теннистен Дэвис кубогінің 1/8 финалы аясында Сербия мен Қазақстан арасындағы матч басталды. Алғашқы болып кортқа әлемнің №1 ракеткасы Новак Джоковичпен шыққан Александр Недовесов үш сетте қарсыласына есе жіберіп (6:1, 6:2, 6:3), Сербия құрамасы 1:0 есебімен алға шыққан болатын.
Мұнан кейін екінші жұпта Михаил Кукушкин мен Виктор Троицки кортқа шықты. 2 сағат 37 минутқа созылған бұл кездесуде қазақстандық теннисшінің мерейі үстем болды. Үш сетке созылған матч 5:7, 2:6, 4:6 есебімен аяқталды.
Айта кету керек, 28 жастағы Кукушкин ATP рейтингінде 79-шы сатыда болса, оның қарсыласы Троицки 23-ші орында тұр. Екі спортшы өзара алты рет кездесіп, оның төртеуінде серб, екеуінде қазақстандық теннисші жеіске жеткен.
Осылайша, Сербия-Қазақстан арасындағы кездесуде есеп теңесті: 1-1. Ертең 5 наурыз күні жұптық кездесулер орын алады.
ФОТО: Vesti.kz