18.03.2016, 09:46

Андрей Аршавин "Қайратпен" келісімшартқа отырды

Алматылық "Қайрат" футбол клубы ресейлік футболшы Андрей Аршавинмен келісімшартқа отырды деп хабарлайды Vesti.kz.

Клубтың ресми сайтында хабарланғандай, келісімшарт 1+1 схемасы бойынша жасалған. "Қайрат" сапында Аршавин енді 28-ші номермен өнер көрсетеді.

Айта кетейік, әлемдік деңгейде танылған Андрей Аршавиннің спорттық жолы Санкт-Петербордың "Зенит" футбол клубында басталған болатын. 2008 жылы ол өз командасымен бірге УЕФА кубогін, кейін суперкубогін жеңіп алды. Сондай-ақ, Ресей ұлттық құрамасының сапында Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

2009 жылы Аршавин лондондық "Арсеналдың" сапына ауысқан болатын. Жұлдызды клубта ол 100 ойын өткізді. 2013 жылы футболшы қайта "Зенитке" оралса, екі жылдан кейін краснодарлық "Кубаньның" жейдесін киді.