НВО телеарнасы 23 сәуір күні Лос-Анджелесте өтетін бокс кешіне арнап проморолик әзірледі деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл күні кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйд кездеседі.
Сонымен қатар, "Форум" аренасында өтетін осынау бокс кешінде аса жеңіл салмақта өнер көрсететін WBC чемпионы Роман "Чоколатито" Гонсалес (Никарагуа) пен пуэрторикалық Маквильямс Арройо да өзара күш сынасады.
Айта кетейік, Головкин мен Гонсалес осымен үшінші рет бірлескен жекпе-жектер өткізуде. Промороликте қос боксшының үздік нокауттары бейнеленген. Голокин бұл жолы WBA чемпиондық белбеуін 16-шы рет, IBO белбеуін - 13-ші рет, WBC (Interim) белбеуін - 4-ші рет және IBF чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайтын болады.