Стамбұлдық «Галатасарай» волейбол клубының жанкүйерлері краснодарлық «Динамоның» волейболшы қыздарын ойын кезінде қоқыспен атқылады деп жазады ресейлік клубтың ойыншысы Татьяна Кошелева өзінің Instagram-парақшасында. Қос команда Еуропаның волейбол конфедерациясы кубогі жолындағы жарыстың финалында кездескен болатын. Матч Стамбұлда өтті.
«Түрік командасының фанаттары өздерін тым дөрекі ұстады. Олардың сөздері мен әрекеттері бізге соншалықты өш екенін көрсетті. Трибунадан біздің басымызға қоқыстар лақтырылды. Ал, ең жағаұстатарлығы - «Галатасарайдың» баспкерінің әрекеті болды, ол маған және клубтың өзге мүшелеріне ортаңғы саусағын көрсетті», — дейді Кошелева.
Спортшы қыз барлық жанкүйерлерді мәдениеттілікке, адамгершілікке шақыруды да ұмытқан жоқ. Бастысы өз командаңа сену керек дейді ол.
Айта кетейік, аталған матч 29 наурыз күні Стамбұлда өтіп, 3:2 «Галатасарай» командасы жеңіске жетті. Енді қарымта ойында 2 сәуір күні Ресейде өтуі тиіс.