Бірнеше қызметті қатар атқарып келе жатқан Тимур Құлыбаевқа тағы бір лауазым беріліп отыр. ҚР Президентінің күйеу баласы Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті болып тағайындалды.
Құлыбаевтың кандидатурасын Кеңестің атқару комитеті толықтай және осы ұйым президенті шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах қолдаған. Бұл туралы ақпарат комитеттің ресми сайтында жарияланған.
"Ортаазиялық аймақ Олимпиада қозғалысын дамытуға, халықаралық ірі жарыстар өткізу үшін үлкен қызығушылықтар тудырып келеді. Азияның Олимпиадалық Кеңесінде өзіміздің елдің ұстанымдарын дамыту мен үшін үлкен мәртебе. Бұл сондай-ақ, халықаралық спорттық қауымдастықтың Қазақстанға деген сенімінің артқаны, еліміздің еңбегін бағалағаны және қос тарап бұдан кейін де серіктестігін арттыру мақсатында бірге жұмыс істей бермек" деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Айта кетейік, Тимур Құлыбаев - Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясының вице-президенті (AIBA), Ұлттық Олимпиада Комитеттері ассоциациясының халықаралық қатынастар комиссиясына мүше.
ФОТО: Kapital.kz