$ 443.72  482.28  4.9

Футболдан Ресей құрамасы таратылуы мүмкін

Футболдан Еуропа чемпионатында сәтсіз ойын көрсеткен Ресей ұлттық құрамасы толық таратылуы мүмкін. Ел тұрғындары Change.org порталында дауыс беру арқылы ұлттық құрамадағы футболшылардың бәрін алмастыруды талап етуде. Тюмень қаласының тұрғыны көтерген осынау бастаманы бүгінде 300 мыңнан астам адам қолдады. Олар қазіргі ойыншылардың шығынына жаңа стадиондар салуды ұсынып отыр.

Әр сағат сайын петицияға қол қойған ресейліктердің саны мыңдап өсуде. Қазіргі таңда олардың қатары 320 мыңға жуықтады.

Естеріңізге салайық, Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Ресей ұлттық құрамасы топтағы үш ойыннан небәрі 1 ғана ұпай жинап, жарыстың плэй-офф кезеңіне шыға алмай қалды. Алғашқы ойынын Англиямен тең ойнаған (1-1) Леонид Слуцкий шәкірттері қалған екі ойында словактардан және Уэльс құрамасынан жеңілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары