11.07.2016, 09:24

Мария Шарапова допинг дауына байланысты Рио олимпиадасына бармайтын болды

Допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты табылған әйгілі теннисші Мария Шарапова Риода өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатыса алмайтын болды. WADA (допингке қарсы агенттік) оны жыл басында 2 жылға спорттан шеттеткені есімізде. Бұл шешімге теннисші қарсы шағым түсіргенімен, оның нәтижесі тек қыркүйек айында дайын болмақ.

Олимпиада ойындарының 5 мен 21 тамыз аралығында өтетінін ескерсек, Мария Шарапова Рио-де-Жанейроға тек қонақ ретінде ғана бара алады. Бұл туралы Спорттық арбитражды сотының сайтында айтылған.

Аталған ұйымға ресейлік теннисші 14 маусым күні апелляциялық шағым түсірген болатын. Содан алты күн бұрын Халықаралық теннис федерациясы 29 жастағы спортшыны допинг пайдаланғаны үшін 2 жылға теннистен аластатқан.