$ 494.87  520.65  4.91

Ильинді допинг пайдаланды деп айыптаған Седовтың өзі допинг дауына ілікті

Бұған дейін допинг пайдаланды деп айыпталған қазақстандық ауыратлеттердің қатары тағы бір спортшымен толықты. Әлем және Азия чемпионы, Пекин Олимпиадасында 4-орын алған Владимир Седовтың да допинг-сынамасынан WADA (бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік) мамандары тыйым салынған препарат тапты деп жазады Informburo.kz.

Мамандар Седовтың Пекин олимпиадасы кезінде тапсырған допинг-сынамаларын қайта тексеруден өткізген. Мұндай талапты Халықаралық Олимпиада комитеті ұсыныпты.

Тексеру нәтижесінде Седовтың "А" сынамасында станозолол затының бар екені анықталған. Қазір оның "Б" сынамасы тексеріліп жатыр және нәтижесі келесі аптада белгілі болады.

Айта кету керек, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Седовты 2006 жылы спорттық жарыстардан 2 жылға шеттеткен болатын. 2008 жылдың мамарында ол үлкен спортқа қайта оралды.

"Маған сену-сенбеулеріңіз өз еріктеріңізде, бірақ, мен тыйым салынған заттарды пайдаланбағаныма ант етемін. Тіпті, ең алғаш рет мені спорттан шеттеткен кезде де мен федерация шешімімен келіспейтінімді білдірдім. Мен әрқашан әділ жеңіп, әділ жеңілген спортшымын. Допингті ешқашан пайдаланған емеспін", - дейді Седовтың өзі.

Естеріңізге салайық, бұған дейін WADA Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза мен Светлана Подобедоваларды допинг пайдаланды деп, жарыстардан уақытша шеттеткен болатын. Сол сәтте Владимир Седов Ильинді де, ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ниді де айыптаған еді. Тіпті, Ильинді чемпион ретінде мойындамайтынын да айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары