$ 441.44  473.09  4.75

Риоға баратын қазақстандық ауыратлеттердің тізімі белгілі болды

21 шілде күні Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) өзінің ресми сайтында Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысатын ауыратлеттердің тізімін жариялады.

Аталған тізімде барлығы 91 елден 260 спортшы бар. Олардың бәрін Халықаралық олимпиада комитеті бекіткен. Араларында Қазақстан ұлттық құрамасының 8 спортшысы да бар. Олар: Арли Чонтей (56 кг), Фархад Харки (62 кг), Нижат Рахимов (77 кг), Денис Уланов (85 кг), Александр Зайчиков (105 кг), Маргарита Елисеева (48 кг), Карина Горичева (63 кг) және Жазира Жаппарқұл (69 кг) бар.

Ал, Қазақстан құрамасының негізгі көшбасшылары допинг дауына байланысты спорттан 2 жылға шеттетілген болатын. Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зульфия Чиншанлоның олимпиада ойындарына бармауы өз алдына, олардың Лондон олимпиадасында жеңіп алған алтын медальдарының тағдыры да әлі белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары