$ 474.72  515.17  5.58

Рио-2016: Новак Джокович бірінші айналымнан аса алған жоқ

Әлемнің бірінші ракеткасы серб Новак Джокович Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында жүлдесіз қалды. Даңқты спортшы жарыстың бірінші айналымынан аса алған жоқ.

Джокович бірінші кездесуін аргентиналық теннисші Хуан Мартин Дель Потромен өткізді. Екі сетке созылған матчтың есебі 6:7 (4:7), 6:7 (2:7), Дель Потроның пайдасында. Осылайша Джокович өз трофейлерінің қатарына Олимпиада алтынын қоса алған жоқ. Бұған дейін ол 2008 жылғы Пекин олимпиадасында небәрі үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, әйелдер арасында әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс та жұптық жарыста бірінші айналымнан аса алған жоқ. Өз әпкесі Винус Уильямспен жұп құрған америкалық теннисші чех қыздары Люция Шафаржова мен Барбора Стрыцоваға 3:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисші Ярослава Шведова үшін де Олимпиада ойындары аяқталды. Алдымен жапон қызы Мисаки Доиден 6:3, 6:4 есебімен жеңілген ол, жұптық кезеңде де сүрінді. Галина Воскобоевамен жұп құрған Шведова бельгиялық Флипкенс/Викмайер жұбына қарсы тұра алған жоқ. Бірінші сет 1:6 есебімен аяқталған соң, қазақстандық қыздар жарысты жалғастырудан бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары