Қазақстан қоржынына екінші алтын медальды салған Дмитрий Баландиннің жеңісті сәтін назарларыңызға ұсынамыз. Қазақстандық спортшы 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алдына жан салмай, Олимпиада сенсациясын жасады.
Айта кетейік, жүзу спортынан Қазақстан тарихында бұл алғашқы Олимпиада алтыны. Бұған дейін қазақстандық жүзгіштер тіпті жүлделі орындардан көріне алмай келген.
100 метрге брасс әдісімен жүзген Баландин финалдық кезеңге дейін шығып, ақтық сында небәрі сегізінші орын алған болатын.
Баландин бұған дейін Азия ойындарын және Универсиаданы жеңіп алған.