17.08.2016, 03:05

Рио-2016: Иван Дычко жартылай финалға жолдама алды

Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко жартылай финалдың жолдамасы үшін болған жекпек-жекте нигериялық Эфе Аджагбаны жеңді. 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін жерлесіміздің келесі қарсыласы - британдық Джо Джойс.

Алғашқы екі раундта қарсыласынан бір басқа жоғары өнер көрсеткен Дычко тек үшінші раундта еркін қимылдаймын деп басымдықты нигериялық боксшыға беріп қойды, есеп 3:0 (29:28, 29:28, 29:28).

Осылайша, Иван Дычко жоқ дегенде Қазақстан қоржынына қола медаль салып отыр. Лондон олимпиадасында да ол жартылай финалға дейін шығып, жарысты үшінші орынмен аяқтаған болатын.