Қыздар арасындағы күрестен 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақ қызы Эльмира Сыздықова Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл Қазақстан қоржынына түскен 12-ші медаль.
Үшінші орын үшін болған белдесуде 24 жастағы Сыздықова египеттік Энас Мұстафамен күрескен. Бірінші кезең қазақ қызының пайдасына шешілді, есеп 3:1. Ал, екінші кезеңде үш-үш ұпайдан жинаған спортшылар тең түсіп, жалпы нәтиже 7:4 есебімен аяқталды.
Осылайша, қарағандылық Эльмира Сыздықова Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына алтыншы қола медальді салып отыр. Біздің еншімізде бұдан бөлек 3 алтын және 3 күміс медаль бар. Жалпыкомандалық есепте, Қазақстан 18-ші орынға табан тіреген.