$ 474.72  515.17  5.58

Рио-2016: Гюзель Манюрова олимпиаданың алтыны үшін күреседі

Қыздар күресінен 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық палуан Гюзель Манюрова жарыстың ақтық сынына шығып, олимпиада ойындарының алтыны үшін күресетін болды.

Жартылай финалдық белдесуде 38 жастағы Манюрова орыс палуаны Екатерина Букинамен кездескен болатын. Ойын барысында 1:8 есебімен жеңіліп тұрған қазақ спортшысы ойын бітуге санаулы секундтар қалғанда есепті 6:8-ге дейін қысқартып, 8 секунд қалғанда таза жеңіске қол жеткізді. Айта кетейік, Лондон олимпиадасында Манюрова қола жүлдегер атанған болатын.

Бүгін басталған жарыс күнінде Гюзель алдымен 22 жастағы венгр қызы Жанетт Неметті 12:2 есебімен айқын жеңсе, ширек финалда камерундық Аннабель Аруды 8:6 есебімен ұтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары