$ 494.87  520.65  4.91

Головкин қарсыласының қабырғасын сындырып жіберді

Орта салмақта WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин жаттығулардағы спаррингтік кездесулердің бірінде 26 жастағы боксшы Джордж Гроувздың қабырғасын сындырып жіберді, деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Бұның алдында хабарланғандай, Дэниэл Гилмен болатын жекпе-жектің қарсаңында Геннадий Головкин екінші орта салмақта өнер көрсететін әлем чемпионы титулының бұрынғы үміткері Джордж Гроувзбен бірге спаррингке шығып отырған болатын. Солардың бірінде Гроувздың қабырғасы сынды», делінеді хабарламада.

Айта кету керек, 20 қыркүйекте Гроувз WBC нұсқасы бойынша жекпе-жекке шығу керек. Бұл жарақат алдағы жоспарланған кездесуге қалай әсер ететіндігі белгісіз.

27 шілде күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында Астана уақыты бойынша сағат 08:00-де Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасында жекпе-жек өтеді. Тікелей эфирде бұл кездесуді KazSport пен Қазақстан телеарналары көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары