$ 441.66  475.14  4.86

Қазақстан тарихында алғаш рет паралимпиада ойындарының алтынын жеңіп алды

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан паралимпиада ойындарының бірінші күні Қазақстан қоржыны алтын медальмен толықты. Бұрын соңды ел спортшылары мұндай жетістікке жетіп көрмеген.

100 метрге еркін жүзуден Зүльфия Габидуллина алдына жан салған жоқ. Ол бірінші орын алып қана қоймай, әлем рекордын да жаңартты. Қазақстан спортшысы бұл қашықтықты 30.07 секундта жүзіп өткенін айта кетейік.

Габидуллина паралимпиада алтынын кездейсоқ жеңіп алған жоқ. Ол бұл қашықтықтағы басты фавориттердің бірі болатын. Жерлесіміз әлемнің алты дүркін чемпионы және Азия Пара ойындарының жеңімпазы. Ол әлемдегі ең үздік спортшылар тізімінде сегізінші орында тұр.

Қазіргі таңда құрамында бір медалі бар Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 16-орында тұр. Жарыстар 17 қыркүйек күні аяқталып, 18-не салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары