28.07.2014, 05:15

Геннадий Головкин ең үздік нокаутшы атанды

Сурет: vesti.kz

WBA (Super) и IBO орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкин орта салмақ тарихында ең үздік нокаутшы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы 33 жастағы автралиялық Дэниэл Гилмен өткен жекпе-жектен кейін қарсыластарын уақытынан бұрын нокаутқа жібергендер тізімін жаңартты. Кәсіби рингте Головкин 30 мәрте жекпе-жек өткізіп, соның барлығында жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, Головкин 30 кездесуінің 27-ісінде қарсыластарын нокаутқа жіберген. Одан бөлек, қазақстандық боксшы рингтен 17 рет уақытынан бұрын кетті. Осылайша Головкиннің нокауттық көрсеткіші 90 пайызға жетті. Ал бұл орта салмақтағы ең үздік және орта салмақ тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады.

Сондай-ақ, 2008 жылдан бері бірде-бір қарсылас қазақстандықпен соңына дейін бокстаса алмаған екен.

Еске сала кетсек, Головкин мен Гилдің жекпе-жегі шілденің 27-і күні Нью Йорктегі Мadison Square Garden аренасында өткен болатын. Ойын үш раудтан асқан жоқ. Рефери алғашқы нодаунды автралиялыққа екінші раудта берсе, ал үшінші раудта қарсыластар бір-біріне айтарлықтай соққы жасағанымен, Гилдің Головкинді жеңуге шамасы жетпеді. Гил нокаутқа түскен бойда бірден аяғынан тұрып кете алмай, тепе-теңдікті сақтай алмағаны байқалды. Сол сәтте өзі де басын шайқап, кездесуді ары қарай жалғастыруға шамасы жетпейтіндігін мойындады. Соны байқаған төреші жұдырықтасуды уақытынан бұрын тоқтатты. Автралиялық та реферидің бұл шешіміне еш қарсылық көрсеткен жоқ. Осылайша Геннадий Головкин WBA дәрежесіндегі орта салмақта 11-ші және IBO версиясында 8-рет чемпиондық атағын қорғап қалып отыр.