$ 474.72  515.17  5.58

Танзанияда 19 жастағы футболшы ойын кезінде қайтыс болды (ВИДЕО)

«Мбао» футбол клубының 19 жастағы шабуылшысы Исмаил Мришо ойын болып жатқан сәтте қайтыс болды. Оның жүрегі тоқтап қалған.

Оқиға Танзанияның ішкі чемпионатындағы кезекті турларының бірінде «Мвадуи» командасына қарсы ойында орын алған. Қайғылы жайт түсірілген видеоролик YouTube-тың Zaka Zakazi каналына жүктеліпті.

Белгілі болғандай, матчтың 59-минутында Исмаил Мришо қарсы команданың ойыншысымен соғысып қалып, алаңға құлаған. Алайда, сол құлағаннан ол есін жоғалтып, қайта тұра алмады. Стадиондағы кезекші дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізгенімен, жансақтау бөлімінде футболшы есін жимастан көз жұмыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары