04.08.2014, 05:20

Бернард Хопкинс Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді

Сурет: telegraf.com.ua

Бұл жекпе-жек үшін америкалық боксшы бірнеше келі салмақтан арылуға дайын, деп хабаралйды Boxingscene.com.

49 жасар Бернард Хопкинс қазақстандық Геннадий Головкинмен рингте кездесуге қызығушылығын білдірді.

Өзінің келесі кездесуін Хопкинс ресейлік Сергей Коваламен өткізеді. Бұл жекпе-жек алдағы қараша айында өтеді. Содан кейін Бернард бірнеше килограммға арықтап, Геннадиймен кездесуге дайындалатынын мәлімдеді. Бұған дейін америкалық боксшы рингте кездескісі келіп жүрген екі есімді атаған болатын. Оның бірі — Андре Уорд және екіншісі - Геннадий Головкин. Бірақ, Хопкинс өз жерлесімен жұдырықтасу аса қызық емес екенін айтып отыр.

Қазақстандық бокс жанкүйерлерінің есінде болар, Бернард Хопкинс сәуірдің 20 күні Бейбіт Шүменовпен кездесіп, жеңіп кеткен болатын. Ал Геннадий Головкин болса өзінің соңғы жекпе-жегін 27-шілдеде өткізіп, атағын қорғап қалған еді.