15.11.2016, 12:55

ОҚО-да Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған бокстан турнир өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе ауылындағы спорт ғимаратында бокстан 12 салмақ дәрежесі бойынша аудандық турнир өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жарысқа 8 команда қатысып тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыстың ашылу салтанатына аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы П. Әбіханов, сөз сөйлеп, жас боксшыларға сәттілік тіледі. 

Жарыстың нәтижесі бойынша жүлделі орындарды иеленген спортшыларға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдары мен медальдары табысталды.

Айта кетейік, бұл күндері Оңтүстік Қазақстан облысында спорттың бірнеше түрінен ондаған жарыс өтіп үлгерді. Барлығы да ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған. Ерекшелігі сол, спорттық жарыстардың басым бөлігі кәсіби спортшылар емес, өзге мамандық иелерінің арасында өтіп жатыр. Мәселен, журналистер, заңгерлер, полиция қызметкерлері, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, прокурорлар, дін өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер өзара шағын футолдан, волейболдан, бильярд пен стол теннисінен сайысқа түсіп, кім мықтыны анықтау үстінде.

Осынау спорттық шаралардың барлығы «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында өтіп жатқанын да айта кету керек.