Сұхбат 09.07.2017 сағат 10:01  932

Восток Ахмадулла: «Ауғанстан студенттері Қазақстан саясатын қолдайды»

Ауған жастарының Қазақстанда білім алуына 2010 жылы жол ашылған болатын. Сол жылы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданған еді. Содан бері елімізге Ауғанстаннан жүздеген студент келіп, білімдерін жетілдіріп жатыр. Біз осы орайда Алматы қалалық «Ариана» ауған орталығының басшысы Восток Ахмадулламен ауған жастарының білім алуы мен мемлекеттік саясатымыздың көзқарасы туралы әңгімелесіп едік.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

– Осыдан 5-6 жылдай бұрын ауған жастарының Қазақстанда білім алуына жол ашылды. Жалпы осы жоба қалай қолға алынды?

– Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2009 жылғы қарашаның 22-сінде Кабул қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасының Үкіметі арасында қол қойылды.Тараптар мамандар дайындау мәселелері, мемлекеттердің жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен құрылымы, білім беру саласындағы реформалар және білім берудің жаңа технологиялары бойынша ақпарат алмасу жолымен жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетін, сондай-ақ бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуді іске асыруда.

Бұл туралы ұсыныс қай тараптан болды?

– Ауған елі «Қазақстан-Ауғанстан» мемлекеттік білім беру бағларламасын жалғастыруға өтініш білдірді.Бұл бағдарлама 2010 жылы басталған болатын. Бұл бағытта 50 млн. доллар бөлінді. 10 жылға негізделген осы бағдарлама аясында Қазақстан жоғары оқу орындарында 1 мың ауған студенті білім алады.

– Ауған жастары Қазақстан жоғарғы оқу орындарында қандай мамандықтарға таңдау жасайды?

– Оқуын аяқтағандар арасында полицейлер мен шекарашылар да бар. Сонымен қатар медициналық мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер оқуын жалғастыруда. Ал инженер мамандар Ауғанстанда жұмыстарына кірісіп кетті.

Сіздер үшін Қазақстан Республикасы несімен ерекше?

– Қазақстан Республикасының сарабдал саясатының арқасында ұлт көшбасшысының барлық конфессия ұлт өкілдері өздерінің әдет-ғұрып ережерелірне сәйкес өмір сүре алады. Және мұны әлемдік дін өкілдерінің дүниежүзілік жиыны куәландыра алады. Қазақстанда 18 миллион халық өмір сүретінініе қарамастан, елімізде бейбітшілік пен елісім орнаған. Бірін-бірі сыйлайтын және толернатты халықтар тату-тәтті бір шаңырақ астында өмір сүруім Елбасымыздың саясаты мен жақсылығы деп білеміз.

Конфессия демекші, конфессияаралық келісім туралы ойыңыз қандай? Бұл бағдарламаның сіздердің орталыққа әсері бар ма?

– Қазақстанда 40-тан астам конфессия мен бір конфессияға шектелмеген ұйымдар шоғырланған. Олардың барлығы діни дүниетанымына лайық іс-әрекетпен айналысады және шектеу қойылмаған. Менің ойымша, Елбасының сарабдал саясатының арқасында, Қазақстанда тең құқылы өмір және сөз бостандығы бар. Бүкіл әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан үлгі болып отыр.Әлемге бейбітшілік пен мейірімділік тілеймін. Және Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяясаты «100 нақты қадам» Ұлттық бағдарламасына 5 индустриалды реформаларды енгізіп, әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуын тілеймін. ҚР Үкіметі мен Елбасының көреген саясатының арқасында қасиетті қазақ жерінде бейбітшілік пен тұрақтылық орнаған. Қазақстан халықтары ассамблеясы әлемде жоқ халықтар тұтастығын жасады. Жайлы және жылы шаңырақ астында барлық этностарды өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, тең құқықта, татулық пен достықта біріктіре алды.

– «Ариана» ауған орталығында қандай жұмыстар жүргізілуде? Мемлекеттік саясатты қолдауда белсенділіктеріңіз қандай?

– 80 жылдардың соңында этникалық ауғандар Қазақстан территориясында өмір сүрді және осы елдің азаматтарымен үйленді. Содан бері этникалық белгілеріне, қызмет түрлеріне қарамастан жергілікті халықтың әдеп-ғұрыптарын сыйлап, бүгінгі күнге дейін бейбіт өмір сүрудеміз. Негізінен орталықтың мәдени іс-шараларды өткізуге және рухани діни бөлімге бағытталған қызметі жоқ әзірге. Бірақ Ауғанстандағы радиалды исламға қарсы насихаттар жүргізеді. Себебі, Ауғанстандағы барлық куәгерлер осы елдің солтүстігінде радикалды ислам үшін өмірлерін қиып жатқандар бар. Ең өкініштісі,бүгінде  Қазақстан Республикасындағы кейбір жастар ислам дінінен сенеміз деп радикалды қозғалыстардың ықпалында жүр. Алайда біз радикалды ислам ағымына қарсы бар күшімізбен күресеміз.

– Ал, бұл туралы Ауғанстаннан кеп оқитын студенттердің көзқарасы қандай?

– Біз соғыстар мен басқа ағымдарға қарсы іс-шаралар өткізу арқылы ҚР мемлекеттік саясатын насихаттаймыз. Әсіресе, алыс этникалық іс-шараларға белсене қатысып, қолдау білдіреміз. Мемлекеттік бағдарлама арқылы Ауғанстаннан келіп оқитын студенттер де Қазақстанның мемлекеттік бағдарламасы мен сарабдал саясатын дұрыс түсінді. Нәтидесінде ауғанстанддық студенттер ауған-қазақ бірлескен жоабалрады да ойластырып жүр. Және біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының саясатын қолдап қана қоймай, Ауғанстанда да осындай тұрақты ел мен мықты көшбасшы болғанын қалаймыз.

– Әңгімеңізге рахмет!

P.S. Осы уақытқа дейін қазақстандық жоғары оқу орындарында және  орта кәсіптік білім алу орындарында бейбіт мамандықтар бойынша 1000-ға ауған студенттері білім алып келді. Ал 2015-2016 жылдары Ауған басшылығының өтініші бойынша қосымша ауған студенттері (50 және 100 адам) қабылданды. Нәтижесінде, осы бағдарлама аясында 400-ге жуық  ауған Қазақстанда оқуын бітіріп, бүгін өз елін қалпына келтіру үшін ат салысып жатыр.

Сұхбаттасқан: Ақбота Мұсабекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар