Сұхбат 22.07.2017 сағат 08:07  1418

Бибігүл Набиева, кәсіпкер: «Наны бар мамандық пен кәсіп экономикамызды көтеріп, дағдарыстан шығуға мүмкіндік береді»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі таңда қойып отырған міндеттерінің бірі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту екені белгілі. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы болып отыр. Демек, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі мемлекетімізде артқан сайын  еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар. Ал онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді екен. Сондай шағын кәсіптің иесі Набиева Бибігүл Ағабекқызымен әңгімелесудің сәті түсті.

– Бибігүл Ағабекқызы, жалпы өзіңіз кәсіпкерлікке қалай келдіңіз? Қазір қандай кәсіппен айналысасыз?

– Осыдан бірнеше жыл бұрын киім және аяқ киім кәсіпорнында кадрларды реттеу бөлімінде бас маман болып жұмыс істедім. Жұмысқа қабылдау кезінде көптеген адамдармен, мамандармен жұмыс істедім. Көбісінде арнайы мамандығы бар, бірақ жұмыс дағдарысы көп. Сондықтан осындай кәсіптік мамандықтарды оқыту керек деген ой келді. Жұмысшыларды арнайы оқу орталықтарына жіберіп алуды ойлап жүрдім. Мәселен, тігінші, етікші, пішуші, кескіндемеші, механик сияқты сұранысқа ие кәсіп түрлерін оқыту қажет болды. Осылайша шағын кәсіпке қалай еніп кеткенімді де білмей қалдым ғой.

–Білуімше, осы кәсібіңізге байланысты мемлекеттен көмек алған екенсіз. Осы туралы тарқатып айтып берсеңіз?

– 2015 жылы «Даму» қорының қолдауымен Назарбаев Университетінде басшыларымен өткен оқуға мүмкіндік алдым. Бұл оқу маған білім беру оқу орталығын дамыту жоспарларын түсіну және реттеу үшін көп көмектесті. Соның нәтижесінде бүгінде оқу оталығымның жұмысы жүріп тұр десем артықтық етпейді. Кәсіпкер үшін ақашалай болсын, құжаттай болсын, оқумен болсын, кез-келген қолдау түрі өте маңызды.

– Кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау алудың қандай жолдары бар?

– Бірінші кезекте «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыратын екі күндік бизнес семинарына бару керек. Өз ісін кішкентайдан бастау керек. Сосын бизесті бірте-бірте кеңейтуге болады. Сонда қателерді оңай түзетуге, кішкентайдан қорытынды жасап, үлкен мақсаттарға жоспар құруға болады. «Атамекен» кәсіпкердер палатасы мен «Даму» қоғамдық қорының мамандықтарды оқытуға, бизнес-семинарларына қатысуға уақыт табу керек. Бұл мәселе кәсіпкер үшін кезек күттірмейтін жәйт деп білемін.

– Мемлекеттік қодау алуға сенімсіздікпен қарайтындар табылып жатады. Өзіңіз қолдау алған кәсіпкер ретінде не айтар едіңіз?

– Мемлекеттік қолдау алу үшін, өз ісін жаңғырту және дамыту үшін кәсіпкер өзінің кәсіпорнын, компаниясын қоғамдық бөмірге белсенді қатыстыруы керек. Жаңа бағыт пен бизнес бастауға қорықпау керек, кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік құралдарын пайдалану керек. Сіз өз ісіңізді өзіңіз жарнамалау арқылы мемлекеттік ұйымдар мен халыққа кәсібіңіздің болашағын көрсете аласыз. Сонда ғана сізге сенім артылады. Ал сенім артылған кәсіпкер мемлкеттен қолдау ала алады, әрине. Тек адам өзін көрсете білуі және дәлелдей білуі керек.

– Жалпы адамға кәсіппен айналысу үшін қандай қасиет керек?

– Өз ісін шексіз жақсы көру керек, өз баласына қарағандай тәулігіне 24 сағат сол туралы ойлау керек, өз ісінің қыр-сырын білуге, тануға талпыну керек, өз қызмет аясының көкжиектерін білу керекалға қойған мақсаттары мен тілеген биігіне жетуге асығу керек. Сонда ғана одан кәсіпкер шығады.

– Қазір қандай кәсіп түрлері сұранысқа ие деп ойлайсыз? Және қандай кәсіп түрлерін дамыту, қолдау керек?

– Наны бар мамандық пен кәсіп экономикамызды көтеріп, кризистен шығуға мүмкіндік береді. Туристік кластерді дамыту үшін халықтық-қолданбалы өнерді дамыту керек деп ойлаймын. Оның ішінде құрақ көрпе, киіз, батик, керамика, зергелік бұйымдар тб атап өтер ем. Аталған мамандықтардың кейбірі біздің орталықта оқытылады. Ал дамыту мен қолдау жағына келсек, барлық кәсіпті қолдау керек. Әсіресе, шикізат өнімдерін өңдеумен, тауар өндіру және қызмет көрсету салаларына қолдау көрсетіп, дамыту керек. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мен туризмді ерекше назарға алу керек деп есептеймін.

– Өз кәсібіңізге байланысты жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

– Алдағы уақытта үлкен мөлшерлі әйелдер киімі жобасын, ас-үй керек-жарақтары жобасын және үй тұрмысындағы заттар жобасын қолға алмақпын. Осы қажеттіліктерді дамытсам, кәсібімнің нәсібі еселене түседі деп үміттенемін.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан: Ақбота Мұсабекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар