Сұхбат 23.09.2017 сағат 11:40  3019

Шөмішбай Сариев, ақын: «Медицина училищесінде латын тілін меңгеру маған қиынға соқпаған еді»

Латын әліпбиіне көшу тақырыбы қазақ қоғамында биыл сәуір айынан бастап қызу талқылана бастаған болатын. Өйткені, бұл кезде Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы жарық көрген еді. Онда қазақ тіліне реформа жасауды Президент үкіметке тапсырған. Ал, осы қыркүйектің 11-не Парламентке латын әліпбиінің қазақстандық нұсқасы ұсынылғаны сол екен, бүкіл қоғам шулап қоя берді. Өйткені, жаңа әліпбидегі қазақтың төл әріптерінің таңбаланбауы көпшіліктің наразылығын туғызды.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандықтар латын әліпбиінің жаңа нұсқасын әлі де болса жетілдіру керек деп есептейді. Жуырда Қазақстан жазушылар одағы да осы тақырыпқа байланысты жиын өткізіп, зиялылар да дәл осындай пікірде тарқасты. Ал, біз ақын Шөмішбай Сариев ағамызбен сұхбаттасып, жеке пікірін сұрап көрген едік.

– Шөмішбай аға, жалпы, латын әліпбиіне көшу туралы көзқарасыңыз қандай?

– Мен өзім дәрігерлер училищесінде оқыған адаммын. Дәрігерлік есептердің бәрі дерлік латын әліпбиімен жазылады. Оны меңгеру қиынға соққан жоқ. Біздің халқымыз талантты халық. Латын әліпбиін тез-ақ игеріп кетеді деген сенімдемін. Кирилл әліпбиі қазақ тілі таңбаларын толық меңгере алмау салдарынан біздің тіл кенжеледі. Сондықтан, қазір қазақ тілін латын әліпбиіне өткізуде көп уақыт созудың қажеті жоқ. Жылдам, бірақ мұқият бұл істі орындауымыз керек. Ақын ретінде, ғалым ретінде жеке пікірім осы.

– Парламентте ұсынылған латын әліпбиінің соңғы нұсқасына байланысты ойыңыз қандай? Қазақ дыбыстарының екі әріппен таңбалануына не айтасыз?

– Негізінен ана тіліміздің бай сөздік қоры, сөздердің қолданылу еркшеліктері қарастырылған. 1925 жылы А.Байтұрсынов әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып, қазақ бастауыш мектептеріне арналған жаңа әліпбиді Қызылорда баспасы арқылы ұсынды. Ол өз заманында лайық әліпби болды. Ең озық үлгісі болды. Бұл әрине латын әліпбиіне сай жасаған. Бұл жолы да барлық мәселелер шешіледі деп ойлаймын. Жаңа латын әліпбиіне көшуді мен ақындық жүрегіммен қолдап, сәт-сапар тілеймін.

– Қазақ тарихында әліпбіиіміз бірнеше рет өзгерді. Тағы өзгеру қарастырылуда. Ал бұл жаңа ғасыр жастарының білім алуына, өткенді оқуына, танып-білуіне аздап кедергі етпей ме?

– Біздің қазақ талантты да дарынды ел. Үш ғасыр жырлайды, бес ғасыр жырлайды, жеті ғасыр жырлайды деген ұлан-ғайыр фольклорлық дүниемізді қазақ елі өзінің миында сақтаған ел. Енді жазба пайда болған уақыттан бері әліпбиіміз бір емес бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Ешқандай әдеби мұрамызды жоғалтқан жоқпыз.

1920 жылы қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістерге сай Кеңес үкіметі құрамындағы түркі халықтары латын әліпбиіне көшті. Оған қарсы болса да Халел Досмағамбетов қазақ тіліне сай дүниежүзілік латын әліпбиін жасады. Бұдан бұрын 1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына реформа жасаған болатын. Ол әліпби 8 жыл өмір сүрді. 1920 жылы латын әліпбиіне көшті. Бұл да 20 жыл өмі сүріп, 1940 жылы Кеңес одағы біртекті болу қажет деген саяси сылтаумен кирилл әліпби қолданысқа енгізілді. Бұл да 70 жыл көгеріп, енді латын әліпбиіне көшу дәурені басталғалы отыр. Бұл біздің жаңа саясатымызға, сана-сезіміміздің өсуіне, ұлт болып қалыптасуымызға, өзімізді өзіміз тану үшін қажет. Сондықтан мен осы бір істі ақын ретінде, ғалым ретінде қолдаймын.

–Рахмет, аға!

Сұхбаттасқан Ақбота Мұсабекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар