Сұхбат 27.10.2017 сағат 13:31  1568

Досқан Жолжақсынов: «Латынға көшіп, өз тарихымызды өзіміз жазатын уақыт келді»

 

Қазақ тілі 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен латын әліпбиіне көшеді. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай жарлыққа қол қойып, Қазақстан тарихындағы ең маңызды қадамдардың бірін жасады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осы тарихи оқиғаға байланысты зиялы қауым өкілдері бүгіннен бастап жаппай пікір білдіріп жатқаны белгілі. Барлығы да бірауыздан бұл бастаманы қолдайтындарын айтып отыр. Біздің тілшіге сұхбат берген танымал актер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Досқан Жолжақсынов та латынға көшуден қазақ халқы тек ұтатынын мәлімдеді.

«Латын әліпбиіне көшу - заман талабына сай келешек технология мен коммуникацияның, білім беру жүйесінің негізгі шарттарының бірі. Бұл болашақта пайдасын тигізбесе, зияны тимесі әлімсақтан белгілі. Ағылшын тілін білетін балалардың мүлдем қиналмайтыны анық. Яғни, енді әлемдік классиктердің шығармашылығын, ғылымды түпнұсқадан оқитын дәрежеге жететін шығармыз деп ойлаймын. Баршаға белгілі, біздің тарихымыздың бәрін монғол, қытай, ағылшын, орыс, немістер жазып келді. Өз тарихымызды түгел зерттеп болмадық. Кешегі өткен Бейбарысты арабтар айтпағанда бабаимыз екенін білмес те едік. Енді осындай тарихи мәліметтерді түпнұсқадан оқуға мүмкіндік туады деп ойлаймын. Тағы айтарым, бұл реформа біздің көшпенділердің ұрпағы екенімізді, ұлт екенімізді көрсетуге үлкен үлесін тигізеді», дейді танымал актер.

Ол сондай-ақ, қазірден бастап жаңа әліпби бойынша жаза бастағанын айтып отыр. Ешқандай қиындық жоқ дейді. Тек ынта-жігер және ниет болса болғаны.

«Ең алдымен өзі аты-жөнімді жазып көрдім. Ешқандай проблема жоқ. Жап-жақсы жазылады. Ахаңның айтуымен теріс жазуды да таныдық. Ертеректе А.Байтұрсыновтың жазып кеткенін Ататүрік кеш байқадым, мұны бұрын білгенімде басқаша тұжырым жасайтын едім деген екен, ата-бабамыздың аманатына қиянат жасамауымыз керек. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен латын әліпбиіне көшу реформасы дер кезінде қолға алынып отыр. Енді енгізбесек кеш қалатын едік. Қоңырауды дер кезінде соқтық», - дейді Д.Жолжақсынов.

Оның айтуынша, аталған реформа ең алдымен қазақтарды патриоттыққа, ұлтжандылыққа үндейді. Халық арасында қазақ тілінің беделін арттырады.

«Жас ұрпақ өсіп келе жатыр. Миллиондаған шаршы метр жерді игере отырып, тарихымызды түгендемесек ұлтымызға сын. Рухани азық алмай, ұлтты білдім деп айта алмаймыз. Кезінде біреу айтқан екен, «көп тұғырдан мәдениетті адам жасағаннан гөрі, мәдениетті адамнан қазақ жасау қиын», - деп. Сондықтан, біз бүгін қазақ жасауымыз керек. Қазақша түс көруіміз керек. Тарихты, әдет-ғұрып, салт-сананы жаңғыртпай құндылықтарымызды бағалай алмаймыз. Сонда, мен арқалап жүрген кино өнерінде де  «әттеген-ай» деген дүние болмайды. Құдайға шүкір, кәсіпті меңгергендер көп. Голливуддан кем түспейміз. Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен  тарихымызды түгендемесек енді ұлтымызға сын. Латын әліпбиіне көшу  орыс тілді қазақтарымыздың есін жиғызатыны тағы бар. Олай жасау заңдылық», - деді ол.

Айымхан Әмірбекқызы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар