Сұхбат 19.11.2017 сағат 17:40  1650

Ұлттық дельфий ойындары: қайта жүктеу

Еліміздің дарынды жастарында осымен 13 жыл болды өзінің өнер мен мәдениеттегі қабілеттерін Ұлттық дельфий ойындарында көрсету  мүмкіндіктерінің болғанына . Шығармашылық іс-шараны түрлі жылдарда мемлекет пен көптеген серіктестер, олардың қатарында отандық бұқаралық ақпарат құралдары қолдау көрсетті. Ауқымды жобада немен мақтанып, ал нені әлі қосу керектігін бізге Ұлттық Дельфий комитетінің директоры Құралай Түсіпбекова сұхбатында айтып берген болатын.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

- Құралай, Ұлттық Дельфий ойындарын біздің елде өткізу туралы бастаманы кім ұсынғанын айта аласыз ба? Осындай ауқымды іс-шараны өткізудің мақсаты не?

- 2004 жылы Халықаралық Дельфий комитетінің шақыруымен ТМД елдеріне кіретін мемлекеттердің жастарна арналған Дельфий ойындарына жол жүрген Қазақстанның Ұлттық Дельфий құрамасы қалыптасты. Міне сол жылдан бері құрама жыл сайын құрылып, халықаралық Дельфий іс-шаралардың барлығына қатысады. Ұлттық Дельфий комитеті кейінірек 2009 жылы бастамашыл топ адамдарының бастамасымен құрылды. Қазақстаннан ол идеяға итермелеп, шабыттандырушы - ол Дүйсен Құрабаевич Касеинов. Сол кездері ол ҚР Мәдениет министрі болған, ал қазір ойындардың қазылар алқасының мүшесі және Халықаралық Дельфий комитетінің қосарлас төрағасы болыптабылады.

Ұлттық Дельфий ойындарын өткізудің басты мақсаты  - бұл, ең алдымен, Дельфий ойындарын жоғарғы дәрежелі өнер форумы ретінде іс-жүзінде дамыту, шығармашыл дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсету, орындаушылардың кәсіби жоғарлауынна септігімізді тигізу. Біз жүзеге асыратын басты тапсырмалар - бұл биік өнер арқылы жас буынға патриоттық тәрбие беру, ұлттық мәдениетті, музыкалық дәстүрді сақтау мен дамыту, мәдени мұраны молайтып, толеранттықты және мәдениаралық диалогты дамыту.

- Ойындардың ұйымдастру комитеті жыл сайын 20-ға жуық номинация жариялайды. Биылғы жылы қатысушылар қандай номинациялар бойынша бақтарын сынамақ?

Дйстүр бойынша жылдың басында ұйымдастру комитеті дельфийлік қазылар алқасының мүшелерімен бірлесіп келе жатқан жылға бағдарламалық талаптарды дайындайды. Яғни келесі номинациялар бойынша: фортепиано, скрипка, баян, аккордион, ұлттық аспаптар - домбыра, қобыз; театр, халық әндерін, академиялық, эстрадалық әндерді орындау, халық биі және заманауи билер, фото сурет, тележурналистика, қысқа метражды кино, бейнелеу өнері, киім дизайны, декоративті-қолданбалы өнер, дижей, сонымен қатар парадельфийлік номинациялар: ишара тілінде ән орындау және хореография өнері. Биылғы жылы аталмыш ойын жоғарыда аталған номинациялардың ішінен ұлттық форматтағы                       18 номинация бойынша және үш номинация Парадельфилік ойындар бойынша өтеді. Парадельфийлік ойындардың қатарында бір номинация жаңадан қосылып, тұсаукесері өткізіледі.    

Өткен жылы біз әлем бойынша алғашқы болып Парадельфийлік ойындарды өткіздік. Онда есту қабілеті нашар жандарға арналған "Ишара тілінде ән орындау" және "Хореография" номинациялар бойынша өткізілді. Сонымен қатар алдыңғы жылы біз жаңа "Театр" номинациясын қостық. Онда саны 5 адамға дейін болатын ұжымдар қатысады. Бұл номинация көбінесе студентер, жастар театрларына арналған.    

- Ұлттық Парадельфийлік ойындардағы жаңа енгізілген номинация туралы толығырақ айтып берсеңіз.

- Бұл менің мақтанышым. Өткен жылы командамен бірігіп бұл істі жасағанымызды мақтаныш тұтамын. Әрине бұл біздің елдің тарихына кіретіні сөзсіз! Былтыр өткен 12-ші Ұлттық Дельфий ойындары мен үшін аса керемет әрі қайталанбастай өтті. 

Осы жылы да сондай дәрежеде өтпек. Біз Парадельфийді бұрынғы екі номинация бойынша өткізуді жоспарлап отырмыз және заманауи спорттық би федерациясының қолдауымен "Арбаға таңылғандар биі" номинациясының әзірше тек тұсаукесерін енгіземіз. Ия, бұл паралимпийлік спорт және біз оған таласпаймыз да. Алайда біз қазір оны мәдениет бағыты ретінде дамыту керектігін түсініп тұрмыз. Өйкені ол спорт та, шығармашылық та, өнер де.   

Бұл біздің жетістіктерімізді басы ғана. Біз Парадельфийлік ойындарды ойынның барлық стандарттары мен ережелеріне сәйкес, саты-сатысымен тиісінше жасадық. Кейін Халықаралық дельфий ойындарында Халықаралық Дельфий комитетімен тұсаукесерлік ойындар өткізілді. Әзірге олар жарыс ретінде өткізілмейді, оларға орындар берілмейді. Қазіргі уақытта біз Парадельфилік ойындарды қандай форматта өткізетінімізді келісу үстіндеміз. Біз бағытын анықтап, белгілі бір шарттарын қабылдадық. Ал қазір парадельфий міндетті түрде дельфийлік ойындар аясында өту керектігін баса айтып отырмыз. Мүмкіндігі шектеулі жас таланттар марапттар алуда, алайда ары қарайештене жоқ, бір реттік іс-шара. Ал біз тіптен ерекше іс атқарудамыз - әлеуметтендіру элементі, дені сау және мүмкіндігі шектеулі балалар бір алаңда жұмыс істейді. Біз мұнымен шығармашылықтың шексіз екенін дәлелдеп отырмыз. Яғни олар бір ашылу салтанатында, бір шеберлік-сыныптарына қатысады, дайындықтары оларда бір уақытта өткізіледі, олар осы үлкен дельфийлік отбасының құрамында бірге. Олар бір-бірімен көрші тұрады, араласады, жаңа қарым-қатынас орнатады, бір-бірімен жұмыс істейді, тәжірибе алмасады - ойынды өткізу аясында біз максималды түрде әлеуметтендіру мүмкіндігін пайдаланамыз. Бүгінгі таңда әлемдік дельфийлік қоғамдастық бұл тәжірибені алу керек деп ойлайды, яғни парадельфийді дельфиліктерге қосу керектігін құптап отыр. Біз біздің серіктестермен, халықаралық дельфий комитетімен және ТМД-нің барлық дельфийлік ұйымдармен бұл бағытта белсенді түрде жұмысымызды атқарудамыз. Бір сөзбен айтқанда бізде қазір жаңа қайта жүктеу кезеңі өтуде.

- 2017 жылғы Ұлттық Дельфий ойындары "Рухани жаңғыру" бағдарламасына байланысты ерекше бағыт ала ма?

- Иә, әрине. Дельфийлік ойындар Елбасымыздың "Рухани жаңғырту" бағдарламалық мақаласына байланысты дамудың жаңа айналымын бағындыратын болады. Президент ерекше бөліп алған бірнеше бағытты атап өткім келіп тұр, бұл - өз мәдениетіміздің ұлттық кодын, бәсекеге жарамдылығын, прагматизмі мен ұлттық бірегейлігін сақтау. Ұлттық Дельфийлік комитеттің және барлық ойынның толық қызметі, орнатылған мақсаты мен берілген жобаның мәні біздің өз бірегейлігімізді сақтап қалуымыздан тұрады. Сонымен қатар біз жаһандану дәуірінде біздің барлық мәдени мұрамызды болашақ ұрпаққа жоғалтпай жеткізе алдық.          

Дельфийлік ойындар әрбір шығармашыл жас бала үшін өзінің бәсекеге қабілетті екенін дәлелдей алатын, өзінің таланты мен мүмкіндіктерін көрсете алатын алаң құрады. Біз өзіміздің тілімізді, ұлттық дәстүрлерімізді сақтаймыз. Біз оларды қазақтың өнер түрлерін ежелден бері арқалап келе жатқан халық әндері, халық билері, ұлттық аспаптар сияқты біздің номинацияларымызда көрсетеміз. Халықаралық аренаға қатысу арқылы берілген өнер түрлерін дәріптейміз. Сонымен қатар дельфийліктер бағдарламаның тағы бір негізгі бағыттарының бірі - үш тілділік бағытын дамытуға мүмкіндік алады.    

Дельфийлік ойындар - бұл жарыстың өзін өткізу ғана емес, сонымен қатар білім алу, қатысушылармен, біздің мәдениет және өнер қайраткерлерімен,  біздің дарынды жастармен бір жыл бойын бірге болатын қазылар алқасымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік.

Ерекше назарымызды біз біздің қатысушыларымыздың патриоттық және толеранттық сезіміне аса назар аударамыз. Мысалға, бірінші турдағы «Фото сурет», «Тележурналистика» және «Қысқа метражды кино» номинациялары - бұл әлеуметтік өнердің жаңа түрлері. Онда біз туған өлкеміздің тарихын ашу және Дельфий ойындарының өңірімізде дамыту бойынша тапсырмалар береміз. Мұнымен біз қатысушыға өз өңірінің байлығы мен сұлулығын көрсетіп, бөлісуге мүмкіндік береміз. Екінші турда қатысушыларды СҚО-ның киелі, қасиетті орындарға байланысты тапсырмалар күтуде. Біз біздің ойындардың қатысушылары мен барлық мақсатты аудиториясы өңіріміздің ерекше орындарымен танысуға мүмкіндігінің болуын қалаймыз.

- Биылғы жылы Ұлттық Дельфий ойындары Солтүстік Қазақстан облысында, Петропавл қаласында, "Өнерім - рухани қазынам" тақырыбында өтеді. Ойындарды өткізу орынын қандай тәсілмен тандадыңыздар?

- Біз әртүрлі облыстар басшылығымен келіссөздер жүргіздік. Биылғы жылы Ұлттық Дельфий ойындарын қабылдауға дайын екендігін алғашқылардың бірі  болып хабарлап, өз ықыласын білдірген Петропавл қаласы болды. Бұған үлкен ықпалын тигізген облыстың жаңадан келген мәдениет басқармасының басшысы деп санаймын. Ермек Анатольевич Рахимов - 2006 жылғы Дельфий ойындарының жеңімпазы, ал бүгінде Ұлттық Дельфий лік қазылар алқасының құрамында жұмыс істейтінін екенін ерекше атап өткім келеді. Менің ойымша оның берілген жобаның әлеуметтік маңыздылығына қызығушылық танытып, түсінуі біздің ойынды Петропавлда өткізуімізді ең оңтайлы шешім жасады. Мәдениет басқармасының басшылығына іс-шараның барлық маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінетін "дельфийлік" келді.        

- Құралай, ойындардың негізгі шарттары қандай және қазылар алқасы қатысушыларды қандай критерийлер бойынша бағалайтынын айтып берсеңіз?  

- Ойындар саты-сатысымен өтеді. Басында іріктеу аудандық, ауылдық деңгейде болады, ал кейін қалалық, облыстық ойындар өткізіледі. Облыстық ойындар жеңімпаздары өңірлік құраманы қалыптастырады. Әрбір номинация бойынша қатысушыларды үш қазылар мүшелері бағалайды - бұл міндетті түрде.  

Әр номинацияның өзіндік белгілі бір бағалау критерийлері болады: орындау шеберлігінің деңгейі, шығармашылық әлеуеті - бұл классикалық өнер түрлеріне қатысты; Көркемдік орындаушылық, стильдік ерекшеліктерді меңгеруі - бұл халықтық өнер түрлері; материалды аша білуі, ерекшелігі, ойын кіріспесінің болуы, сахна тілін меңгеруі - бұл театр. Әр номинацияның өз ерекшеліктері болады және әрбір қазылар алқасының мүшесі жылдың басында жасалған бағдарламалық талаптармен алдын ала танысады. Мысалы, біз жыл сайын қазылар алқасына әртүрлі домбыра мектептерінің кәсіби шеберін шақыруға тырысамыз. Халық әндерін орындауда да дәл сондай ерекшелік. Соған сәйкес әр мектеп өкілі толық көрініс болу үшін қазылар алқасының құрамында болуы тиіс және алдын-ала бағаламауы тиіс. Барлығы максималды түрде ашық өтеді, барлық қазылар алқасы қатысушылар алдында әділ баға беретініне серт береді. Бұл біздің дәртүріміздің, салтымыздың бірі. 

- Ұлттық Дельфий ойындарының тағы қандай дәстүрлері бар?Көп жылдан бері өзгеріссіз қолданып келе жатқан қандай шаралар бар?

- Жыл сайын ұлттық ойында ашылу және жабылу салтанаты өткізіледі. Ашылу салтанаты Шығармашылық концерт ретінде өткізіледі. Онда әр облысты, әр команданы таныстырып, олар шығармашылық номер - визитка ретінде қонақтармен сәлемдеседі. Ойынның дәстүрлі сәті - ол әрине дельфийлік жалауды көтеру  және дельфийлік отты жағу рәсімі болады.   

- Ұлттық Дельфий ойындары неліктен биылғы жылы амбассадорды таңдады және таңдау неге олимпиада чемпионы Серік Сапиевке түсті?   

- Ұлттық Дельфий комитеті жарғысының негізгі шартының бірі өсіп келе жатқан буынға үйлесімді тәрбие беру үшін рухы бай, дене бітімі нардай олимпиаданың үлгілі тұлғаларымен ынтымақтастық орнату болып табылады. Сондықтан берілген мақсатты орындау үшін біз Олимпиада комитетімен, барлық олимпиадалықтармен қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Біздің ортақ ұқсас істеріміз баршылық. Біріншіден, спортта болсын, өнерде болсын  - бұл жоғаржы нәтижеге ұмтылып жүрген дарынды балалар мен жастар. Біздің бірілесуіміз тарихти оқиға: Грецияда олимпиада оыйнда мен дельфий ойындары қатар өтіп түрді. Тарихқа сүйенсек дельфий ойындарындағы жарыстардың 10% спортпен байланысты болды. Ал бүгінде олай емес. Алайда біз олимпиада қозғалысына жылы сезіммен қараймыз. Міне сондықтан таңдауымыз соған түсті. Серік Сапиев жастар пір тұтатын, мақсатына жету үшін үлгі болатын тұлға. Ол өзінің абыройын өзінің қабілеті арқылы қол жеткізген еңбекқор адам. Серік те бізбен ынтымақтастық орнатуға ықыласын білдірді. Ол Астананың дельфий ойындарына екі мәрте қатысты. Оған бізбен жұмыс істеген қызық. Ол үнемі дельфийліктермен қарым-қатынас орнатуға тырысады және жобаның өзі оған жылы сезім ұялатады. Оның бізге деген қызығушылығы жоғары, сондықтан мен оған биылғы жылы өтетін ойындардың амбассадоры болуын ұсындым. Ол қуана ойланбастан келісті. Менің ойымша Дельфий комитеті мен біздің олимпиада чемпионы Серік Сапиевтің керемет бір шығармашылық тандемі болады.               

- Биылғы Ұлттық Дельфий ойындарынан қандай жетістіктерді күтудесіз?

- Мен бұл ойындардан үлкен шығармашылық мерекесін, өнер додасы мен дарынды балалар санының моляюын күтемін. Дарынды балалар қатары өседі деген үміттемін және Солтүстік Қазақстан облысының командасына жанкүйер боламын. Өкінішке орай СҚО-да облыстық деңгейдегі ойындар өткізілмейді. Команда республикалық, облыстық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздарынан қалыптасады. Маған Петропавл қаласының шығармашылық шеберханаларды, үйірмелерді, оқу орындарын ертерек аралап шығуға мүмкіндік болды. Менің түсінігім бойынша қазіргі Петропавл, СҚО - бұл дарындар көзі және Қазақстанның мәдени орталығы іспеттес. Мәдениет сарайлары төрт ауысымда жұмыс істейді. Үш арнайы көркемөнер оқу орындары және төрт студенттерге арналған театр бар - бұл жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Қазақстанның көптеген қалаларында ол кездесе бермейді. Белгілі болғандай Петропавл қабылдаушы қала ретінде Дельфий ойындарының шарты бойынша әр номинация бойынша үш қатысушыны ұсына алады. Егер әр облыстан біз бір-бір қатысушыдан шақыратын болсақ, ал қабылдаушы қалада сондай бонус бар. Сондықтан менің ойымша Петропавлда биылғы жылы марапаттарға қол жеткізуге үлкен мүмкіндіктер бар.         

- Сұхбатыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар